Ғалымдар Даун синдромын емдеуге қадам жасады

Жапониядағы Mie University Graduate School of Medicine ғалымдары CRISPR-Cas9 технологиясы арқылы Даун синдромындағы артық 21-ші хромосоманы жою мүмкіндігін алғаш рет көрсетті. Бұл әдіс болашақ генетикалық терапияның негізі бола алады деп отыр.
⠀
Даун синдромы адам жасушаларында 21-ші хромосоманың үшінші көшірмесінің болуына байланысты дамиды. Осыған дейін бұл ауруды емдеу симптоматикалық қолдаумен шектелді, енді зерттеушілер жаңа тәсілді ұсынды.
⠀
Ғалымдар бірінші кезекте басқа гендерге айтарлықтай зиян келтірместен жасушалардан артық хромосоманы алып тастап, жасушаларды қайта қалпына келтірмек.