«Қажымұқан қазақ даласының батыры» атты кітап көрмесі өтті
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қажымұқан қазақ даласының батыры» атты кітап көрмесі «Жеңіс» спорт клубының спортшыларына таныстырылды. Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолын, спортта жеткен жетістіктері, және Қажымұқан жайлы жазылған жазушылардың еңбектермен таныстырлды. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ия, әрбір адамның денсаулығы өз қолында. Ал, бала денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар. Денсаулығыңыз өз қолыңызда. Салауатты өмір салтын ұстана білейік.
“Адам баласының дені сау болуы дұрыс өмір сүру салтымен тікелей байланысты. Салауатты өмір салтының ең басты қағидалары – дұрыс тамақтану, белгілі бір нормада су ішу және спортпен шұғылдану. «Ауру – астан» деген сөзді бекер айтпаған. Қазіргі таңда жастар арасында фаст-фуд тағамдары көп желінеді. Жылдам әрі калориялы тез дайындалатын астың пайдасы болмаса да, зияны жеткілікті. Оның кесірінен ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, ойық жара, асқазан ісігі сияқты түрлі дерттерге шалдығады. Бүгінгі күнде асқазан ауруы осы фаст-фудқа жаны құмар жастар арасында өзекті проблемалар қатарында. Ал асқазан тікелей бет-әлпетпен байланысты болғандықтан, адамның жүзіне түрлі бөртпелер, безеулер шығуы әбден мүмкін. Сол себепті пайдалы, құнарлы, дәрумендерге бай көкөністер мен жеміс-жидектерді жеу керек”, деді орталық кітапхананың ұйымдастырушысы.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақтың атақты палуаны және и цирк артисі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Елуге жуық наградалар мен медальдардың иегері.
Ресей құрамасында өнер көрсете аламауына байланысты, Маньчжурия атынан Ямагата Муханура деген жапон есіммен халықаралық жарыстарға қатысты. Қажымұқанды «Қара Иван» деп те атаған, ал 1912 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін, ол өз атына «Қажы» атауды қосып алып, осы атпен бүкіл әлемге танымал болды.
Революцияға дейінгі кезеңде Қажымұқан аты аңызға айналған Иван Поддубный, Георг Лурих және Иван Заикин сияқты палуандармен бірге түрлі халықаралық ареналарда өнер көрсетті. Қазан революциясынан кейін Кеңес үкіметінің орнауына белсене ат салысты, Қазақстан тарихындағы ең бірінші кәсіби театрдың негізін қалаған, одан сол заманның атақты артистері шықты, түрлі чемпионаттар ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысының жылдарында Қажымұқан халық арасында өнер көрсетіп, жиналған қаржыға майданға Амангелді Иманов есімі берілген ұшақ сыйлаған. Отан алдында атқарған борыштарына қарамастан, өмірінің соңғы жылдарында жергілікті билік өкілдерінен қолдау таппады және өкпесіне суық тигеннен қайтыс болды деп болжанады.
Өмірінің соңғы жылдарында балуан билік тарапынан біраз қысымға да тап болады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Қазақбаевқа:
Өмірімнің 55 жылын күрес өнеріне арнадым. Америкадан басқа шетелдердің бәрінде болдым. Қазір жасым 75-те. Менің әл-ауқатым нашар. Шәуілдір ауданының мекемелері жөнді көмектесіп жатқан жоқ. Азық-түлікті анда-санда береді. Ол қай жыртығымды жамайды? Былтыр шамам бар кезде қорғаныс қорына 100 мың сом салып едім. 75 жылдығыма дайындық барысында далада қалатын түрім бар, атым еш жерде аталмайды. Көрші Өзбекстанға көшем бе деген ойым бар. Сондықтан, маған Қазақстаннан Өзбекстанға көшуге рұқсат беруіңізді сұраймын, – деп хат жазады.
Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған батырдың бейіті Оңтүстік Қазақстан облысында жатыр.