Thursday, November 21

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0
97

Синоптиктер 15-17 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағында атмосфералық фронтал бөліктер ықпалынан ауа райының тұрақсыз сипаты жалғасады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек республиканың оңтүстік облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

“Республиканың басым бөлігінде температуралық фон біртіндеп көтеріле бастайды, тек батыс аймақтарда температура төмендейді деп күтіледі”, – делінген хабарламада.

Leave a reply