Қазақстанда бір жылда 227 дәрігер коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пандемия кезінде коронавирус пен пневмониядан қанша дәрігер қайтыс болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда пандемия басталғаннан бері медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясынан 121, пневмониядан 106 өлім жағдайы тіркелді», — делінген комитеттің ресми сауалға берген жауабында.