Қазақстандықтардың 65 миллион теңгесі қолды болды – Алаяқтар ұсталды ма?
Шымкент қаласының 6 тұрғыны 27 қазақстандықты алдап, жарты жылда 65 миллион теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды және басқа да аймақтардың тұрғындары бар. Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін Шымкент пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды.
“Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары “дропперлерді ” тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан”, – делінген ақпаратта.
Полиция қылмыстық істі сотқа жіберіп, нәтижесінде алаяқтар 3 жылдан т4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.