Қазақстандық ауыр атлет әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Vesti.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мексикадағы турнирде отандасымыз 73 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 306 (134+172) келімен алдына жан салмады.
Екінші орын өзбекстандық Диорбек Эрматовқа бұйырса, үздік үштікті Канададан келген Брайан Ибаньес Герреро түйіндеді.