Қазақстан нарығындағы ең сапалы шыны мозаика Шымкентте өндіріледі
ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕҢ САПАЛЫ ШЫНЫ МОЗАИКА ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛЕДІ
Мозаика – ежелгі дәуірден осы кезеңге дейін ғимараттың қабырғалаларын безендіруде өзектілігін жоғалтпаған технология. Қазіргі таңда еден, қабырға мен бассейн және субұрқақтарды әрлеу үшін кеңінен қолданылып келеді. Ал еліміздегі ең сапалы мозаика өндіретін «Гидрострой Шымкент Групп» компаниясы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индистустриалдық аймағында орналасқан.
2018 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс орнында қазіргі таңда 33 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Тек отандық шикізат қолданылатын кәсіпорын жылына 70 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Бұл жерде өндірілген шыны мозаикалары сапасы мен қолдану оңтайлылығының арқасында ішкі нарықта ғана емес шетелде де сұранысқа ие.
– «GIDROSTROY GLASS MOSAIC» бренді елімізде ең алғаш өндірілген шыны мозайкасы. Сонымен бірге, сапасы жағынан да бірегей өнім. Біз түрлі нарыққа сай келетін жаңа тәсілдер бойынша инновациялық даму жолымен келеміз. Күн сайын өнім түрлерінің алуандылығы мен сапасын арттыру және жаңа бастамаларды жүзеге асыруда оң нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз,- дейді кәсіпкер Олег Хатамов.
Кәсіпкер 2019 жылы өндіріс орнына заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банктен 14,25% несие алып, оның 7,13% «Даму» қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, жеткіліксіз кепілзат орнына қор өз кепілдігін берген.