Қазақстан Түркиядан 2 трлн теңгеге бронды техника сатып ала ма? – Министрлік жауап берді

0
102

Қазақстанның қорғаныс министрлігі мен түркиялық “Otokar” компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техника сатып алуға келісім жасалғаны туралы ақпарат таралған болатын. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.

Фото: bmpd.livejournal

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бүгінгі таңда түрік тарапымен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ.

“Otokar” компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі бұған дейін хабарлаған болатын. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады”, – делінген хабарламада.

Министрлік ақпаратынша, қазіргі уақытта аталған компанияның 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтардан өтіп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады.

Қорғаныс министрлігі өз құзыреті аясында мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді және қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі үлгілерін қажет етеді. Бұл ретте қорғаныс ведомствосы үлгілерді таңдау кезінде отандық және халықаралық сарапшылар мойындаған өнімнің сапасына басымдық береді. Сондықтан әлеуметтік желіде таралатын жалған ақпараттарға сенбей, тек тексерілген, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, деп хабарлайды ведомстводағылар.

Leave a reply