Thursday, November 21

ҚАЗАҚТЫҢ ШЕРАҒАСЫ

0
124

Oблыстық “Farab” ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, аса көрнекті жазушы, ірі қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі», «Отан» ордені, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты   Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ сөз өнерінің наркескені» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі Б. Садыққызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Ислам   және тағы да бірқатар зиялы қауым қатысты. Кешті ғалым, композитор, профессор-оқытушы, мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының құрметті азаматы Б.Сердәлі және Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ж.Сәдібекқызы ашып берді. Кешке келген қонақтар Шераға жайлы естеліктерін айтып, қазақ әдебиетіндегі дара жолын, көршілес қырғыз елінің халық жазушысы Ш. Айтматовты қазақша сөйлеткенін, шығармашылық жолын оқырмандарға әңгімелеп берді.

Кеш барысында Р.Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театрының әртістері «Домалақ ана» пьесасынан үзінді көрсетіп, жиналған қауымның жүректерін тебірентті.
Әдеби кешке арнайы Тараз қаласынан Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығынан келген Шерхантану бөлімінің қызметкерлері Н. Тоқтасынқызы мен М. Ералыұлы Шерағаның өзі ұстаған портфелін, таққан көз әйнегін, сурет түсіруге қолданған фотоаппаратын, жазған күнделіктерін, құнды жәдігерлерді Түркістан халқына насихаттау мақсатында көрме ұсынып, оқырмандарға таныстырды.

Өнерлі жастар кештің сәнін кіргізді. №3 Әмір Темір мектебінің оқушысы Шамшитдин Арсен, Тастанбек Ескендір, Ибақожа Жанғазы, Дүйсенқұл Сұлтанмахмұт, Маханбет Аружан, №8 Н. Төреқұлов мектебінен  Кәрібай Ердәулет, №16 Т. Бигелдинов мектебінен Исаханов Қасымхан, №14 Қазыбек би мектебінен  Шарафуддин Мансур, №21 М. Пошанов мектебінен Маккан Арсен, №24 М. Шоқай мектебінен Серікбай Мұхамедәли көркемсөз оқыды.
Кеш соңында Түркістан қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Сәкен қорытынды сөз сөйлеп, кешке қатысқан өнерлі жастарға Түркістан облысының мәдениет басқармасының арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Бір кем дүниеде саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына арнап, өскелең ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қарымды қаламгер, қазақтың Шерағасы боп ел жүрегінде сақталған Шерхан Мұртазаны ұлықтау кеші жоғары деңгейде өтті.

Азамат ӘЛІБЕК.

Leave a reply