Қазығұртта Астана күніне арналған мәдени шаралар өтті

0
116

Қазығұрт ауданындағы М.Өтемісұлы ауылдық клубының ұйымдастыруымен Астана қаласының 25 жылдығына орай “Жасай бер, жайна Елордам!” атты іс- шара өткізілді. Шара Астана туралы жастардың танымдық іс – әрекеттерін қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырлған. Іс-шарада үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылды. Одан бөлек, аудандағы Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде Астана қаласының 25 жылдығына орай “Ел жүрегі-Астана” атты іс- шара өткізілді. Шарда Астана қаласының 25 жылдығын ауыл тұрғындарына насихаттау, егеменді еліміздің тірегі болар жастарымызға елордамыз жайлы мағлұмат беру, елін, туған жерін құрметтейтін тұлға тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында өткізілді. Іс-шарада үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы көрермен қауымға ұсынылды.

Аз уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Содан бергі өткен жылдар ішінде Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан Елордамыз бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес. Бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Аудандық мәдениет сарайында Астананың 25 жылдығы мерекесіне арналған «Асқақтай бер, Астанам!» атты онлайн концерт өткізілді.

Астана күні – мемлекеттік мереке. Әлемдегі үздік 30 қаланың тізіміне енген Астананың өзіндік тарихы бар.  “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Заңда Астана күнін тойлау мерзімі 6 шілдеде белгіленген. Астана күнінің ел азаматтары үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар. Заң бойынша мереке күндерінде халыққа демалыс беріледі. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданды. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі “Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы” қаулы қабылдады. Елорданы Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы шешімнің бірнеше себебі бар еді. Соның ішінде Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан Алматының өнеркәсіп орталықтарынан шалғай орналасуы ықпал етті. Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатарда болды. Сонымен қатар бұрынғы астананы одан әрі кеңейту мүмкіндігі аз болды, ал Ақмоланың бұл жағынан перспективасы зор. 1997 жылы орталық мемлекеттік мекемелер Ақмолаға ресми көшірілгеннен кейін елордаға қатысты тағы бір маңызды шешім қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға “Астана” деген жаңа атау берілді. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы ретінде Астана қаласының халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті. Одан кейін 10 жыл бойы қала күні жергілікті халық арасында 10 маусымда аталып келді. Ал 2008 жылы мерекелер туралы заңға қосымшалар енгізіліп, соған сәйкес Астана күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

Осылайша қазақ елі “Астана күнін” 6 шілдеде атап өтеді. Астананың сұлу келбеті. Көрнекі сурет: pixabay.com ХІХ ғасырдың басынан бері тарихтағы өзгерістердің бастауы болған ескі қаланың жаңа мәртебеге сай болуы үшін келбетіне ерекше мән берілді. Астанада жаңа құрылыс жобалары жүзеге асырылды, жаңа астананың танымал символдарына айналған ғимараттар салынды: “Бәйтерек” монументі. Қазақстанның Ұлттық музейі. Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен музей. Бейбітшілік және келісім сарайы. “Астана” орталық концерт залы. “Хан-Шатыр” ойын-сауық орталығы – әлемдегі ең үлкен шатыр. Астана күніне орай елорданың көрнекті ғимараттарының маңайы түрлене түседі. Бұл аумақтар мерекелік концерттер, көрмелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар өтетін орынға айналады. Астана елорда мәртебесіне ие болған 20 жыл ішінде , яғни, 2017 жылға қарай миллионнан астам тұрғыны бар қалаға айналды. Сонымен қатар республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Қазіргі статистика бойынша Астана қаласының 1 миллион 376 528 тұрғыны бар. Елорда тұрғындарының басым көпшілігін титулдық ұлт өкілдері құрайды. Бүкіл Қазақстандағы сияқты мұнда да ондаған өзге этнос өкілдері тұрады. Түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруінің арқасында 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға “Бейбітшілік қаласы” атағы берілді. Кешкі “Ханшатыр” көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com Астана туралы қызықты деректер Астана туралы қандай қызықты деректер бар? Астана – әлемдегі ең салқын қалалардың бірі. Канада астанасы Оттавадан да суық қала. Ол әлем бойынша Монғолия астанасы Улан-Батырдан кейінгі суық астана болып саналады. “Ханшатыр” ойын-сауық орталығы әлемдегі шатыр пішініндегі ең үлкен ғимарат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Ғимараттың биіктігі – 150 метр. islam.kz сайтының мәліметі бойынша Құран Кәрім кітабының ежелгі көшірмесі Әзірет Сұлтан мешітінде сақтаулы. VIII ғасырдағы көне қолжазба Ресейде күмістен дайындалған. Ал “Әзірет Сұлтан” мешіті – Орта Азиядағы ең үлкен мешіт саналады. Оның аумағы 11 гектарды құрайды, ішіне шамамен 10 мың адам сыяды.

Қазақстандағы ең үлкен ту Астана қаласында орналасқан. Көлемі 15х30, 111 метр биіктікте тұр. Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап қоры бар. “Әзірет Сұлтан” мешіті – Орта Азиядағы ең үлкен мешіт. Көрнекі сурет: pixabay.com Қазақстанда Астана күні қалай тойланады? Бас қаланың төл мерекесін бүкіл ел тойлайды. Салтанатты шаралар Астанада ғана емес, ірі қалаларда да өтеді. Айтулы мереке мемлекеттік туды көтеру рәсімімен басталады. Одан кейін бұқаралық мәдени-спорттық шаралар жүзеге асырылып, көрмелер, концерттер мен қойылымдар ұйымдастырылады. Кешкі уақытта көше бойында халықтық мерекелер өтіп, дәстүрлі түрде түрлі-түсті отшашулар жасалады. Бұл күні елордада спорттық шаралар ұйымдастырылады. Дәстүр бойынша дуатлоннан қалалық турнир өтеді. Мыңдаған спортшы мен әуесқойлар 5 және 20 шақырымдық веложарысқа қатысады. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі. Қалада мерекеге арнап үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивальдері, сондай-ақ цирк өнері мен балалар шығармашылығына арналған шаралар өтеді. Халықаралық деңгейде этникалық музыка фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Оған әр елден ұлттық аспаптарда ойнайтын ұжымдар шақырылады. Әсіресе, “Ұлттық домбыра күніне” арналған шаралар Астана күніне орайластырылады. Мұндай шараларға балалар, домбырашылар атсалысады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын бұл күні отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттер, жеке концерттер, сондай-ақ көркемөнерпаздардан құралған шығармашылық ұжымдар мен этноансамбльдердің кештері күтеді. Дәстүр бойынша Астана күнін тойлауға белгілі театр ұжымдары гастрольдік сапармен келеді. Олар “Астана-Опера”, “Астана-Балет” және басқа да мәдениет ордаларында өнер көрсетеді.

Мереке қарсаңында отандық және шетелдік суретшілердің көрмелері ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көркем галереялардан әкелінген экспозицияларды тамашалай алады. Көрмелерден кәдімгі кенептен басқа жаңа технологияларды (бейне инсталляциялар, цифрлық өнер) қолдану арқылы жасалған жұмыстарды байқауға болады. Сондай-ақ, суретшілердің және дизайнерлердің шығармашылық кездесулері де өтеді. Мерекеге орай Астанаға мыңдаған биші арнайылап келеді. Бұл қалада көше биі, эстрадалық және халық билерінің байқауларын өткізу дәстүрге айналып үлгерді. Астана күніне соңғы жылдары Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, Еуропа мен Америкадан да бишілер арнайылап келетін болды. Қазақ елі Астананы дала кеңістігіндегі тамаша оазис іспетті мақтан тұтады. Мереке қарсаңында және Астана күнінде мұнда ұйымдастырылатын көпшілік шаралардан ешбір адам қалыс қалмайды деуге болады.

Еліміз бойынша Астана күні мереке болып саналатыны анық. Яғни әр жыл сайын шілде айының 6-сы атаулы мереке  ретінде өтеді. Бұл мерекенің шығу тарихы туралы қаншалықты білеміз? Не себепті 6 шілде күні етіп қойылған? Міне, осы сынды сауал жауабын бірі білсе, енді бірі бейхабар болар.
Ел тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы бұрынғы атауымен Ақмола атанған еді. ҚР Жоғарғы Кеңесі басшысының1992 жылғы 6 шілдедегі «Орал, Целиноград, Шымкент, облыстары мен Целиноград қаласының тарихи атауларын қалпына келтіру туралы» қаулысына сай қаланың тарихи атауы қалпына келген болатын. Кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмола қаласына көшіру туралы ұсыныс жасалды. 1997 жылы 20 қазан айында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылған болатын. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Осы орайда Ақмола қаласының тарихына көз жүгіртелік. Ақмола Ресей мен Шығыстың сауда қатынастарының көпірі  іспеттес Сібір, Орал, Орта Азия көпестері қоныс аударған соң кішкене ғана қорған біртіндеп қоныстанушылар қаласына айнала бастаған. Сонымен Ресей империясының 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен Ақмола станицасына қала мәртебесі беріледі. Сонымен бірге 1968 жылғы Жарлыққа байланысты Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар сынды 5 уезден тұратын Ақмола облысы болып құрылып, сол жылдардың талаптарына сәйкес облыстың елтаңбасы бекітіледі. 1869 жылы бұл жерде 5122 адам, ал 1910 жылы 13000-дай тұрғын болған. Сондай-ақ 1916 жылдары облыс тұрғындары 1,5 миллионға жеткен екен. Кеңес өкіметі кезеңінде де Ақмола қаласы дамып, облыс орталығына айналады.
Кейін 2019 жылы 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау мақсатында Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Міне, осы күні Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Заң қабылдады. Ал 2019 жылғы 23 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы –Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Аз да болса, азығы мол, жемісі көп қаншама жыл ішінде Астана беделі мен қуаты асқан, әлемге өз үлесін қосқан жасампаз қалаға айналды.  Иә, жыл сайын елімізде Астана күні кең көлемде тойланып келеді. Одан кейін,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. 

Leave a reply