Қазығұртта «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» атты поэзия кеші өтті

0
119
Қазығұрт аудандық балалар кітапханасында Қазақтың батыры, ақын Махамбет Өтемісұлы туғанына 220 жыл толуына орай «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» атты тақырыпта поэзия кеш өткізілді. Кешті кітапханашы Жұлдыз Байтұрсынова кітапхананың жас оқырмандарымен бірлесіп өткізді. Мақсаты: Жас ұрпаққа ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту. Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Іс шара барысында кітапханашы Эльмира Қыстаубаева батыр ақынның өміржолы мен шығармашылығымен таныстырып, тапсырмалар бойынша балалармен ойын өткізді. Сонымен балалар сөзжұмбақтар шешіп, Махамбет жайлы жазылған деректермен , әдебиеттермен танысып,тақпақтар мәнерлеп оқыды.
Одан бөлек, Қызылқия ауылдық мəдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне орай «Айбары асқақ -Ата Заң» атты іс- шара өткізілді. Мақсутов Біржан құттықтау сөз сөйлеп, Қызылқия ауылына еңбегі сіңген тұрғындарды марапаттады. “Жұлдыздар” халықтық би ансамблі «Илигай» биімен мерекенің ажарын ашты. Рүстем Кенжеұлы өзінің «Азаттықтың ақ таңы», Жұмаділлә Асылжан “Алға Қазақстан ” əнін орындап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, конституция заңдарының ұғымын, қолданысы жөнінде Анарбай Кәусәр баяндама жасады. Отанын сүйетін, патриот жастарды тәрбиелеу мақсатында М. Өтемісұлы ауылдық клубында “Ата Заңым-айбыным” тақырып аясында іс- шара болып өтті. Іс-шарада “Қазақ жастары” әніне флешмоб биледі, Ағабек Жансезім “Көк тудың желбірегені” атты ән орындады. Міркәрім Дінмұхаммед “Төрт ана” өлеңін оқыды. Одан бөлек, Тұрбат ауылдық клубында «Ата Заңым – айбыным» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Іс – шарада Тұрбат ауылы әкімі аппаратының бас маманы Санабаев Элдос және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Қадыров Нұрлан сөз сөйлеп, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады. Іс – шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Сонымен қатар,  Қазығұрт аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Атбұлақ ауылдық клубында ҚР Конституциясы күніне орай “Ата Заң- еліктің тұғыры» атты іс- шара болып өтті. Биыл еліміздің басты құжаты – Конституцияның 28 жылдығы аталып өтті. Ата заң 1995 жылы 30 тамызда күшіне енген еді.Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. Мемлекеттегі саяси және экономикалық реформалар, тұрақтылық пен келісім, оның халықаралық жетістіктері Конституцияда бекітілген қағидаттармен тығыз байланысты.

Елімізде Ата заң тарихы 1993 жылдан басталады. Қазіргі қолданыстағы екінші Конституция жобасы заң саласындағы ірі тұлғалардың, ғалымдар мен аузы дуалы саясаткерлердің түгел қатысуымен 1995 жылы 30 тамызда қабылданған еді.

Бас құжаттың бірінші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені жазылған.

Сондай-ақ, Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Күні бүгінге дейін Конституция 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары реформаға түскен.

1998 жылғы реформа аясында құжаттың 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының мерзімі мен өкілеттіктеріне қатысты нақтылаулар болып, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жоғарғы жас шегі алынып тасталды. Мәжіліс депутаттарын пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайлау тәжірибесі де осы 1998 жылғы түзетулерден кейін қолданысқа ене бастады.

2007 жылғы реформалық өзгерістердің қорытындысы бойынша, пропорционалды сайлау жүйесінің аясы кеңейіп, соның негізінде Үкімет жасақтау ісіне партиялық фракцияларды араластырудың тетігі енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болып, өз өкілдерін белгіленген квота санына қарай Парламент Мәжілісіне, Сенатына жібере бастады.

2011 жылғы өзгерісте Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізудің конституциялық негіздері қайта белгіленді.

2017 жылы Конституцияның 25 бабына 33 түзету енгізілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформа ұғымдары осы реформадан кейін саяси айналымға шықты.

Ал 2019 жылы ҚР Конституциясына елорда атауын Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгеруінге байланысты түзету енгізілді.

Конституцияға соңғы түзетулер 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына ондаған өзгеріс енгізілді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру үдерістеріне құқықтық негіз қалыптастыруға арналған.

Сондай-ақ, биыл 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот өз жұмысын бастады.

Елімізде мұндай орган егемендік алған 1993-1995 жылдары жұмыс істеді. Кейіннен оның орнын Конституциялық кеңес басқан болатын. Алайда ел президентінің құқық саласына жасаған реформалары нәтижесінде аталған кеңес жойылып, Конституциялық сот қайта құрылды. Енді азаматтар Конституцияға сәйкес келмеген құқықтық-нормативтік актілер туралы қарама-қайшы пікірлер мен шешімдер бойынша Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Айта кетейік, Астана қаласында Конституция күніне арналған шаралар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін «ЕХРО» көрме кешенінде Мажарстан, Грузия, Израиль және Өзбекстаннан келген өнерпаздардың қатысуымен «The Spirit of Astana» халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді.

Leave a reply