ҚАЗЫҒҰРТТА «КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

0
68

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен “Jalyn” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:
* “Жастарға арналған 2,5 % несие”
* “Бизнестің жол картасы-2025”
* “Бастау бизнес” жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Қазығұрт, бизнес-тренер Муталов Нұржігіт жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат беріп, семинар-тренинг өткізді. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.

Семинар-тренинг бағдарламасында облысымыздағы маңызды кәсіпорындарға экскурсия жасалатын болады. Өңірімізге белгілі кәсіпкерлер өздерінің аудан, қалаларында кәсіптерімен таныстырып, жетістіктері жайында айтатын болады. Егер де сізде өз кәсібіңізді ашып миллионер атанғыңыз келсе, өз аудан, қалаңызда өтетін семинар-тренигке, экскурсияға қатыса аласыз.

Шара соңында, жастарға арнайы сертификаттар берілді. Бұл бағытта облыс көлемінде қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.

Leave a reply