Қазығұртта салт-дәстүрді жаңғырту аясында шара өтті
Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері ауылдық әжелер алқасымен бірлесе отырып “Атымды адам қойған соң…” атты іс-шарасын өткізді. Жиын мектеп бітіруші түлектерге бағыт-бағдар беру, дұрыс мамандық таңдау, жақсы маман иесі болу, салт-дәстүрді жаңғырту және болашақ ұрпақтың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін дарыту жолдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырлған.
Іс-шараға Қақпақ ауылының тумасы Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Сыдықов Досымбек қатысып, жастармен пікір алмасты. Сондай-ақ, қоғам және мемлекет қайраткері этнограф, ғалым ұлтымыздың мәдениетіне үлкен үлес қосқан бекзат жан Өзбекәлі Жәнібековтің өмірінен сахналық көрініс пен айтыс өнерінен жеңге мен қайны айтысы болды.
Саханаланған қойылым мектеп оқушылары мен көрермендердің көңілінен шығып, олардың ыстық ықыласына бөленді. Бұдан бөлек, ауданди жиі мәдени әрі танымдық шаралар өткізіліп, болашақ ұрпақтың өмірін дұрыс арнаға бұратын шаралар өткізіліп тұрады.