ҚАЗЫҒҰРТТА ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

0
40

Қазығұрт ауданында екі елді мекенге табиғи газ тартылып, ауыл халқы қуанышқа бөленіп отыр. Атап айтқанда, Шанақ ауыл округінен Шанақ станциясы елді мекені мен Сарапхана ауыл округіне қарасты Бақабұлақ елді мекені тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Республикалық бюджет есебінен іске асқан нысанды іске қосу шарасына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуаныштарын бөлісті.

Түркістан облысында 1 млн 750 мыңнан астам халық, яғни облыс тұрғындарының 81,5 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл бұл көрсеткіш тағы да өспек, себебі 75 мың тұрғынды қамту жоспарда бар.

Айта кетейік, Шанақ станциясы елді мекенінде 234 тұрғын үйде жалпы саны 1 491 адам бар болса, Бақабұлақ елді мекенінде 29 тұрғын үйде жалпы саны 168 адам тұрады. Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Одан бөлек, облыс әкімінің жіті қадағалауымен, соңғы он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.
– Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында табиғи газбен қамту жұмыстар өз нәтижесін беріп отыр. Аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеңіздер, – деген облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне газ барған ауылдардың үйлерін газға қосуды тапсырды.

Leave a reply