Thursday, November 21

Қазығұртта үстел теннисі мен волейболдан спорттық сайыс өтті

0
118
Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде аудан жастарымен кездесу болып өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара «Жастар – ел тірегі» деп аталып, ауданның барша ауыл округтерінен көптеген белсенді жастар қатысты. Сондай-ақ, атаулы шара барысында үстел теннисі мен волейболдан спорттық сайыстар және «ұшқыр ой» интеллектуалды жарыстары ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстар аудан жастарының ой өрісін дамыту, тарихымызды тереңінен тануға баулу, өз уақыттарын тиімді пайдалануға дағдылау мақсатында ұйымдастырылған. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Азизхан Азимханұлы жастарға тілегін атып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде волейболдан Тұрбат елді мекені жастары 1-орын, Қаржан елді мекені жастары 2-орын, Үшбұлақ елді мекені жастары 3-орынды иеленді. Ал үстел теннисінен Ж.Тлевкабулов 1-орын, А.Бекзатов 2-орын, М.Полат 3-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, «Ұшқыр ой» интеллектуалды сайысында Тұрбат жастары ойдан жүйрік шығып 1-орынды иемденсе, Жігірген жастары екінші және үшінші орындарды еншіледі.
Барша сайыстан жеңімпаз атанған жастарға аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары табысталды. Қызықты әрі естен кетпес естелікке толы болған бұл іс-шараға аудан жастары дән риза болып, ұйымдастырушылар мен аудан әкіміне ерекше алғыстарын айтты.

Leave a reply