Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мәдени кездесулер өткізіліп жатыр

0
131
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жігерген ауылдық кітапханасында жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай “Тахауи тағылымы” атты тақырыпта әдеби кеш өтті. Кеш Т. Ахтанов жайлы мәлімет беру, әңгіменің тақырыптық мазмұнын ұғындыру. Жазушы шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету мақсатында ұйымдастырылғын. Оқырмандарды тұжырымды ой айтуға, саралап таңдауға, іздене білуге де баулыйды. Одан бөлек, Шарбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен “Киелі мекенім “- этно-travel жобасы аясында оқырмандармен “Туған өлкем тұнған шежіре” атты этно – саяхат өткізілді. Шара өлкеміздің киелі жерлеріне этно-саяхат жүргізу арқылы оқырмандардың дүниетанымын кеңейту үшін ұйымдастырылған. Сонымен қатар, тарихи ескерткіштерді, ежелгі орындарды құрметтей білуге, отанына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу мақссатында өткізілген. Саяхат барысында оқушылар Тұрбат елді мекенінде орналасқан Ысмайыл ата кесенесінің тарихына шолу жасап, ондағы тағы басқа да кесенелермен танысты. Мешіт имамы Абдуғаппар ағамыз “Ысмайыл ата” кесенесінің құрылу тарихымен таныстыра отырып, жас ұрпақты туған өлкеміздің тарихын құрметтеуге шақырды. Сонымен қатар, Көкібел ауылдық кітапханасында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай “Шәкәрім мұрасы- ұрпаққа аманат” атты әдеби вернисаж болып өтті. Жиын оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыруға бағытталған. Кездесуде Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорыта білді. Шәкәрім шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығы насихатталды.
Бұдан бөлек, Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Киелі мекенім – этно travel” жобасы аясында Ысмайыл ата кесенесіне оқырмандармен этно – саяхат жасалды. “Ысмайыл ата аңыздары” атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Шара Қазығұрттың киелі жерлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Ауылдың тарихы бойынша мағлұматтарды жинау және жүйелеу және ұрпақтар мұрасын сақтау, оқырмандармен этно-саяхат жүргізу арқылы дүниетанымын кеңейу, тарихи ескерткіштерді, ежелгі орындарды құрметтей білуге, Отанына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу үшін өткізілген. Сонымен қатар, «Рухани қазына» кіші бағадарламасы аясында Қақпақ ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарын туған өлкеміздің тарихымен тереңінен таныстыру, бабалар рухына тағзым етіп насихаттау мақсатында Сынтас қалашығына саяхат жасалынды. Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қосағаш ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай “Алты Алаштың ардақтысы – Мағжан” атты тақырыбында тақырыптық кеш болып өтті. Мәдени шара оқырмандарға ақын М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылын насихаттау, ақынның тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін үлгі ете отырып тәрбиелеу мақсатында өтті.
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе ауылдық кітапханасында да қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, қазақтың бірлігі, Алаштың азаттығы мен халқымыздың болашағы үшін, бар ғұмырын күреспен өткізген қазақтың ұлы тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай “Поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз” атты поэзия кеші болып өтті.
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жігерген ауылдық кітапханасында Шал ақынның 275 жылдығына орай “Шал ақынның қазынасы” атты тұлға кеші өтті. Кеш оқырмандарға қазақ әдебиеті әлеміндегі өзіндік орны бар Шал ақын толғаулары туралы жан – жақты мәлімет беру, ақынның жырларын оқу, мазмұнын түсіну, ақын поэзиясының құндылығын ұғыну, ізгілік қатынасқа үйрету, адамды сүюге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған. Одан бөлек, оқырмандардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамытуға бағытталды. Сонымен қатарғ Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай “Махамбет-ел бастаған батыр” атты тұлға кеші өткізілді. Шарада Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқырмандарға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, ерлікке, батырлыққа баулу, елін жерін сүюге, патриот болуға шақырылды.
Бұдан бөлек, ауданға қарасты Сынтас ауылдық кітапханасында жазушы, журналист Иса Омардың 65 жас толуына орай “Қазығұрт құнар қаламгер” атты тақырыбында әдеби променад өткізілді.
Мақсаты: өлкемізден шыққан қарымды қаламгер Иса Омардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың туған өлкеге деген қадір-құрметін ояту. Іс-шара барысында оқырмандар жазушының шығармашылығымен қатар кітапханадағы өлкетану бағытындағы әдебиеттермен танысты. Сондай-ақ,  Шарбұлақ ауылдық кітапханасында қазақ халқының лирик ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай, “Жырымен жұртын оятқан” атты әдеби променад өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту. Олардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой – өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп сауатты оқи білуге және оқыған мәтінді түсінуге баулу. Оқырмандарды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын – жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай ақ оларды көркем әдебиетке, шығармашылыққа, поэзияға баулу. Кеш барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Оқушылар ақынның өміріне байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жігерген ауылдық кітапханасында күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай “Шертпе күйдің шебері” атты элегия кеші өтті. Мақсаты: Оқырмандарды Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру,мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Сонымен қатар, Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Жастар кітап әлемінде” жобасы аясында “Елдің де, тілдің де тірегі – жастар” атты тақырыптық кеш өткізілді. Мақсаты: Жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықтарды әрбір жастық бойына сіңіру. Білімді, мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосу. Кітапханаға жастарды кітап оқуға шақыру.

Leave a reply