Қазығұрт ауданында кітап көрмелері мен мәдени шаралар өтікізіліп жатыр
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында, Қазығұрт ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай кең көлемде кітап көрмесі өткізілді. Әр түрлі жастағы кітапхана оқырмандарымен бірге “Қазығұрт – киелі тау” атты танымдық сағат өткізілді. Шара Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, сан ғасырлардан бері кие тұтып келе жатқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер бере отырып, өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында жазушы, журналист Жеңіс Баһадүрдің туғанына 70 жыл толуына орай “Ұлы мақсатты бойтұмар еткен журналист” тақырыбында тұлғатану кеші өткізілді. Кездесу өлкеден шыққан қарымды қаламгер Жеңіс Баһадүрдің өмірі мен өткен жолын, шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың туған өлкеге деген қадір-құрметін ояту үшін өткен.
Кеш барысында оқырмандар жазушының шығармашылығымен қатар кітапханадағы өлкетану бағытындағы әдебиеттермен танысты.
Сонымен қатар, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қаржан ауылдық кітапханасында Түркістанның таңдаулы туындысы – 2023 жылы Абайтанушы, ғалым, Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлының шығармалары таңдалуына орай Қаржан жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқырмандары мен “Ғалым, Абыз ата” атты тақырыптық кеші өткізілді. Шара жас оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармаларын, еңбектері мен таныстыру кітапқа қызығушылығын арттыру бағытында ұйымдастырылған. Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл толуына орай “Ұлы дала елінің барысы” атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Мәдени кеш оқырмандарды Сұлтан Бейбарыстың өмірдерегімен таныстыру арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру. Ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Кітап көрмелері барысында Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ашық аспан астында, орталық саябақта кітапхананың газет, журналдарын насихаттау, оқуға шақыру мақсатында “Мерзімді басылымдар әлемінде” атты тақырыпта кеңінен кітап көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сынтас ауылдық кітапханасында “Әке асқар тау, биік шың” атты тақырыпта өнегелі сағат өткізілді. Шара отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу ұғындырылған. Мәдени шара жас ұрпаққа отбасынның ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенің, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру бойынша ұйымдастырылған. Кешке әр түрлі жастағы оқырмандарымыз қатысып, өлеңдерін орындалды.
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында Әкелер күніне орай “Әке-отбасының тірегі” атты тақырыптық кеш өткізілді.
Мәдени кеш отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған. Кеш барысында Ғ.Тоқбаев және зейнеткер анамыз П.Ибрагимова жастарға үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға,әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсіну керек екенін айтып өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тесіктөбе ауылдық кітапханасында Әкелер күніне орай “Әке – асқар тау” атты тақырыптық кеш өтті. Шара жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру және әкеге деген бала махаббатын ояту үшін ұйымдастырылған. Сондай-ақ,
Шарбұлақ ауылдық кітапханасында, Қақпақ ауылдық кітапханасында әкелер күніне орай “Әкешім – бәйтерегім” атты өнегелі сағат өткізілді.
Сонымен қатар, биыл алаштың арысы – Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ауданда мәдени шара өтті. Қазақ тарихында есімін алтын әріппен жазып қалдырып кеткен сөз зергерінің өлең-жырларын бүгінгі таңда егемен еліміздің көршілес, бауырлас мемлекеттерінде оқып, үйренеді. Жас ұрпаққа Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы жеткізу мақсатында Қарабау ауылдық клубында “Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы- Мағжан” атты дөңгелек үстел болып өтті. Одан бөлек, Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов мектеп лицейінің оқушыларымен мұғалімдерінің қатысуымен «Мағжан Жұмабаев – қазақ лирикасының хантәңірі» поэтикалық марафон өтті. Шара жас ұрпаққа ақын Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, балаларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой – өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу үшін өткен. Іс шараны балалар кітапханасының меңгерушісі Айгул Тасполтаева, кітапханашы Жұлдыз Байтұрсынова жүргізіп, ақынның өмір жолымен шығармашылығымен таныстырды. Кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмеге шолу жасалып, балалар ақын Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан», «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін», «Туған жер» т.б өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Шығармашылығы бойынша «Білімді сынау» атты бөлімде сұрақ жауап ұйымдастырылды. Сонымен бірге оқырмандар ақын жазушылардың мағжан жайлы айтқан пікірлері, естеліктерінмен танысып, «Бала Мағжан» тақырыбында сахналық қойылым қойды.
Бұдан бөлек, Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Өлкеміздің қарымды қаламгері” жобасы аясында өлкемізден шыққан ақын Б.Алдиярдың шығармаларын насихаттау мақсатында “Поэзия әлеміндегі – Бақытжан Алдияр” атты тақырыпта әдеби кеші болып өтті. Шарада өлкетану бағытындағы әдебиеттермен таныстыру, ұлы тұлғалардың есімін ұлықталды. Сайысқа он бір үміткер қатысып, үміткерлер арасынан Нұрлан Сымбат жеңімпаз атанып, аудандық байқауға жолдама алды.