Понедельник, 19 мая

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

0
13
Қазығұртта шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионы, Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасының қола жүлдегері Гүлмира Дәулетованың жүлдесіне арналған облыстық турнир өтіп жатыр. Спорттық жарысқа Түркістан облысына қарасты 17 аудан-қаладан 130-ға жуық жас шахматшы қатысуда. Шараға аудан әкімінің орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев пен шахматшы Гүлмира Дәулетова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шарада сөз алған Гүлмира Дәулетова турнирді ұйымдастыруға ұйытқы болған барша қолдаушылар мен жергілікті билікке алғыс айтты. Ол доданың жас буынға рухани серпін беріп, болашақ чемпиондардың қалыптасуына ықпал ететінін ерекше атап өтті. Аталған турнир Қазығұрт ауданында екінші мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп отыр. Турнир спортшылар үшін тәжірибе алмасуға, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға және шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Leave a reply