Қазығұрт ауданында шегірткемен күрес күшейе түспек

0
135
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қазығұрт ауданы бойынша үйірлі аса қауіпті марокко және жергілікті саяқ шегірткелеріне қарсы күрес мәселесі бойынша жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Мұхамедғали Аширбаев, тиісті бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдері қатысты. Жиын барысында «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облысы Қазығұрт аудандық филиалы мамандарының 2022 жылғы күзгі зерттеулері бойынша 2023 жылға аудан көлемінде анықтаған үйірлі аса қауіпті марокко шегірткелерінің 6880 га болжамдық ошақтарына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мәселесі кеңінен талқыланды.
Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімі А.А.Исмаиловтың қатысумен 2023 жылдың 17 ақпаны күні І-ші штаб жиналысы, 4 сәуірі күні ІІ-ші штаб жиналысы өткен болатын. Ал, бүгінгі таңда «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облысы Қазығұрт аудандық филиалы мамандары үйірлі аса қауіпті марокко шегірткелерінің дернәсілдерін анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Leave a reply