ҚАЗЫҒҰРТ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖАЗАНЫ ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

0
67

Президент Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осы заңдарға түсініктеме бере отырып: «ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық береді. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында тиісті заңдар әзірленді. Атап айтқанда, әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елдегі отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізілуде. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік артады».
Бұған дейін Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және ілеспе құжатты екі оқылымда мақұлдаған болатын.
Негізгі Заң 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады. Кәмелетке толмағандарды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіру және басқа да түзетулер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
Қабылданған заңның басты міндеті балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин атап өткендей, заң жобасын Мәжіліс депутаттары 2023 жылдың қыркүйегінде, Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін әзірледі, онда ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны қатаңдату және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы алдын алу шаралары негізгі заңнамалық жаңашылдықтар болып табылады.
«Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады және Мемлекет басшысының назарында. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоғам боп күресті қажет ететін әлеуметтік проблеманың бірі ретінде белгіледі» деп жазды Ерлан Карин өзінің Telegram-арнасында.
Президент Қ.Тоқаев әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Президенттің бастамасымен 2019 жылдан бастап әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, адам саудасына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. ІІМ құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылды. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылы олардың штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар қазір әрбір қалалық және аудандық полиция органында бар. Сондай-ақ, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді.
2023 жылы Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл тапсырма Президенттің Жарлығымен 2023 жылғы 8 желтоқсанда бекітілген Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына енгізілді. Оны іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қарапайым азаматтардың осы мәселе бойынша ұстанымын толық қолдайтынын айтты. Осыдан кейін заңнамалық шаралар одан әрі күшейтіліп, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыстары Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстырылды. Ұрып-соғудың кез келген фактісі енді Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі шеңберінде қаралатын болады.
Осылайша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау Президенттің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмаларын орындау болып табылады.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болды. Жаңа заңдар пакетінің қабылдануымен оның отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды күшейту туралы сайлауалды уәдесі толығымен орындалды.
Бұл заң ТМД-да әйелдер мен балаларды қорғауды қамтамасыз ететін маңызды өзгертерді көздейтін бірінші болды.
Осылайша, отбасында да, қоғамда да әйелдер мен балаларды көп деңгейлі қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар циклі аяқталды. Енді, ең бастысы, заңның орындалуы мен толыққанды орындалуын қамтамасыз ете отырып, оның әлеуетін іске асыру.

Leave a reply