Thursday, November 21

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда

0
209

Шымкентте қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін жиырма мобильдік топ жұмыс атқаруда.

Өткен тәулікте күні мобильдік топ 206 кәсіпкерлік нысанға тексеру жұмыстары жүргізді. Тексеру барысында жеті нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, КВИ-дің 33 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 22, белгілері жоқ – 11). 19 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, он төрт адам үй бақылауына алынды. Науқастарға бекітілген хаттамаға сәйкес тиіс ем жүргізілуде.

Айта кету керек, қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1276 орын бар. Төсек орын толымдығы 27%-ды құрайды, тоғыз жүз жиырма төсек орын бос.

Сонымен бірге, инфекциялық стационарда 356 науқас емделуде (КВИ-207, пневмония-149, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде – 23 (7 – ИВЛ, 16 – НИВЛ).

Ал бір тәулік ішінде қалада 6245 адам вакцина алды
(I компонент-2601, II компонент-3644). Егу науқаны басталғалы барлығы 253 913 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 152 659 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Leave a reply