Қала аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылық қамтамасыз етілуде
Қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қаулының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. 23 жасырылған қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды.
Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Электронды форматта тергелген істер үлесі 2019ж.13% құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізілді.
Мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында прокурорлар соттарда қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адамға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өзгертілді.
Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында талдау және тексерулер жүргізу арқылы елеулі оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Соңғы 3,5 жылда қадағалау актілері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның (соның ішінде 5898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың) құқықтары қорғалды. 5981 заңсыз құқықтың актінің (оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған 11 нормативтік құқықтық актінің) күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. 451 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа (оның ішінде 7 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін) тартылған. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауда жүйелі тиімді жұмыс жүргізілуде. Қадағалау актілері негізінде өндірілген сома жылдан жылға ұлғаюда. Жалпы мемлекет пайдасына 262 226 698 теңге өндірілген (2019ж. – 39 972 895 тг., 2020ж. – 53 864 927 тг., 2021ж. – 144 386 563 тг., 2022ж. 5 айы – 24 002 313 тг.). Бұдан бөлек, 107 381 570 теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген (2019ж. – 75 750 тг., 2020ж. – 9 363 720 тг., 2021ж. – 44 972 297 тг., 2022ж, 5 айы – 52 969 803 тг.), мемлекетке жалпы құны 723 914 338теңге (2019ж. – 231 629 362 тг., 2020ж. – 267 439 784 тг., 2021ж. – 89 196 800 тг., 2022ж. 5 айы – 135 648 392 тг.)құрайтын мүлік қайтарылған.
Қала аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бері қала прокуратурасы бастамасымен Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жасақтау қолға алынған. Карта ай сайын жаңартылып, прокуратураның келісуімен қала әкімі бекітеді. Картаға мониторингпен анықталған өзекті проблемалар енгізіліп, барлық жауапты мемлекеттік органдар оларды түбегейлі шешуге, әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін жағдайлар мен себептерді жоюға бағытталады. Картаға бүгінгі күнге дейін барлығы 48 мәселе енгізіліп, оның 39 оң шешімін тапқан.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, себебі бизнестің дамуы, іскер адамдардың ұлғаюы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал етеді.
Прокуратураның бұл бағыттағы жұмыс кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады.
Соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын сақталуына қатысты 5 тексеру мен талдау жүргізіп, 20 арыз-шағым қараған. 7 заң бұзушылық анықтап, 8 қадағалау актісін енгізген.
Нәтижесінде 5 900 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.
Мысалы, қала әкімдігінің «Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы» 19.07.2019ж. №1103 қаулысына наразылық енгізіп, заңнамаға сәйкестендіру нәтижесінде ӘҚБтК-нің 204-бабымен негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылған 928 жеке тұлғаға және 199 кәсіпкерге қатысты полиция тарапынан әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларының күші жойылып, 1 183 481 теңге айыппұл сомалары қайтарылған.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС (тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы) 844 кәсіпкерлік субъектіден төлемді негізсіз жоғары тарифте алып келгені анықталып, артық төленген 8 274 945 теңге кәсіпкерлерге қайта есептеліп, қайтарылды.
Түркістан облысының полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен ӘҚБтК-нің талаптары сақталмай, мәжбүрлеп өндіру мерзімдері өтіп кеткен, алайда өндірісте қысқартылмай тұрған 4848 кәсіпкерлік субъектіге қатысты 103 184 804 теңгеге айыппұл түріндегі жаза қолдану нұсқамалардың күші жойылды.