Қала тазалығына тұрғындар белсене атсалысты
Әл-Фараби ауданына қарасты Жангелдин жиырма екі, жиырма екі а, он алтыншы аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері қатысты.
Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаштар қырқылып, аула сыпырылды.
Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты «Назар» ЖШС-ы, «Айдынбек» ЖШС-ы тарапынан жеті арнайы техника мен жүзге жуық адам жұмылдырылды. Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында алты мобильдік топ кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері заңсыз орналасқан дүңгіршектерді орнынан алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Бәйдібек би 25, Рысқұлов пен Дулати, Байтұрсынов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан он заңсыз дүңгіршек орнынан алынды.