ҚАРАТАУ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН БОЛАШАҚ ЖОСПАРЛАР БАЯНДАЛДЫ
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар мен бастамалар таныстырылды. Тұрғындарға елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту, салынып жатқан құрылыс нысандаы, облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелердің орташа жөндеуі, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру сынды жобалар жан-жақты баяндады.
— “Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғынның қажеттіліктерін ескере отырып, өмір сапасын жақсарту. Жергілікті инфрақұрылымды дамыту – ең басты міндетіміз. Сондықтан, ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің басты назарымызда. Әрбір тұрғынның пікірі біз үшін маңызды. Сіздермен бірге отырып, шешімдер қабылдау – бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз”, — деген аудан басшысы Қаратау ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Осы жылы Қаратау ауылында тұрғындарды 24 сағат сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған жобаның құрылысы басталып, Сарыжаз елді мекенінде ауыз су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді. Тұрғындар орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Сонымен қатар, 1,5 шақырымдық ішкі көшелер ағымдағы жөндеуден өткізілді. Ауыл тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Қаратау ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның құрылысы жақын күнде аяқталады. Сарыжаз және Ақсүмбе елді мекендерінің ішкі көшелеріне көше жарықшамдары орнатылып, Ақсүмбе ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде тұрғындар өз ұсыныс-пікірлері мен түрлі сала бойынша сауалдарын қойды. Аудан басшысы әрбір мәселенің маңыздылығын ескеріп, шешу жолдары талқыланды. Бірқатар тұрғындар жеке мәселелері бойынша да жүгінді. Жұмыспен қамту мен әлеуметтік мәселелер бойынша өз мәселелерін жеткізді.
Аудан басшысы есептік жиын барысында ауылдың ішкі көшелерін аралап, “Қарлығаш” бөбекжай-балабақшасының жұмысымен танысты.
Ауылдық округтың өткен жылы атқарылған тындырымды тірліктері мен осы жылдағы жоспарын жаза кетейік. Сонымен ауылдық округтан 2023 жылы жергілікті бюджетке 77 млн 572 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100 пайызға орындалып, Қаратау ауылдық округі бойынша 30 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. 2023 жылы 242 га егістік жер игеру жоспарланса, шаруалар 242 га алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіп, егін егу жоспары 100% орындаған.
2023 жылы «Алманат» шаруақожалығы Беларусь МТЗ-892-2 тракторын жүк тиегіш құралымен және «Қорғанбайбұлақ» шаруа қожалығы 1 дана ST-190 маркалы шөп оратын (ротор) техникаларын алып, шаруашылық жұмыстарына пайдалануда. Ауыл округі бойынша 01.01.2024 жылы мал саны мүйізді ірі қара 2730 бас, қой-ешкі 16088 бас, жылқы 1769 бас, түйе 1383 бас, құс 2407 басты құрап отыр.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында Қаратау ауылдық округінің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстарды тізбектей кетейік
- Ауыл округінде 3 елді мекен болса, 2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жалпы халық саны 2171, тұрғын үй саны 323. Осы елді мекендер бойынша бөлгенде:
- Қарату елді мекені _1358_ халық
- Ақсүмбе елді мекені __501_ халық
- Саржаз елді мекені __312__ халық
- Жалпы зейнеткерлер саны 204.
- Ауған соғысының ардагері – 2.
- Тыл ардагері – 7
- Батыр ана – 8
- Алтын алқалы ана – 38
- Күміс алқалы ана – 58
- Жеке бастылар – 4
- Жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 70
- Оның ішінде I топтаға мүгедек – 4, II топтаға мүгедек – 18
- III топтаға мүгедек – 34 Бала жастан мүгедек – 14
- Ауылдық округ әкімінің ұйымдастыруымен демеушілер тарапынан аз қамтылған отбасыларға қаржылай және заттай көмек беріліп отырады.
- Бұл әлеуметтік салаға жататындар үнемі ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтар мен округ аумағында орналасқан өндірістердің назарында.
Округ бойынша биылғы жылы 16 мүмкіндігі шектеулі азаматтар және зейнеткерлер шипажайға жолдама алды. Қаратау ауылы бойынша 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмек жайлы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз. 2023 жылдың I, II, III тоқсанында ауылдық округ бойынша атаулы әлеуметтік алуға бір отбасы өтініш берген, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік алуға өтініш берген отбасы жоқ.
Құрылыс саласыында қарқын жоғары. 2023 жылы ауылдық округте ірі құрылыс нысандары салынды. Атап айтар болсақ Қаратау ауылына жабық үлгідегі футбол алаңы салынып пайдалануға берілді. Қаратау ауылынан мал өлекселерін тастайтын орынның құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Саржаз елді мекеніне ауыз су құбырының құрылысы 2023 жылы басталып, жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық округтің кіре берісіндегі округтің аты жазылған аркаға жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауылында орналасқан балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
2023 жылы аудандық бюджет есебінен Ақсүмбе елді мекенінде 2 көшеге ұзындығы 2,3 шақырым жолға асфальт төселді. Саржаз елді мекенініне 1 шақырым жолға асфальт төселді. Сондай –ақ Қаратау ауылына екі көшеге көше жарығы орнатылды.
Әр аптаның сенбі күндері мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындарын ұйымдастырып көше бойларын тазалауға сенбіліктер өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоспар бойынша 115 тонна қоқыс шығарылу жоспарланса, нақты 120 тонна қоқыс шығарылып, 102 пайызға артық орындалыпты.
Әскери сала бойынша
Қаратау ауылдық округіне аудандық әскери комиссориаттан көктемгі және күзгі әскери шақырылымға 14 азаматты әскерге жіберуге жоспар қойылған. Жалпы округ бойынша 14 азамат әскерге жөнелтіліп жоспар толығымен орындалды.
Кәсіпкерлік сала бойынша
Қазіргі таңда Қаратау ауыл округі бойынша 13 – дүкен халыққа қызмет көрсетуде.
Демеушілер есебінен жасалған іс-шаралар төмендегіше:
- «Сentral Asia Mining GO» ЖШС-ы Қаратау ауылының тұрғыны Боранбаева Шакизадаға тұрғын үй сатып алынып берді.
- «Самұрық Қазына» қоры Саржаз елді мекеніне 18 249 886 теңгеге футбол алаңы салынып пайдалануға берілді.
- «Қаратау» ЖШС-ы 500 балаға жаңа жылдық сыйлықтар алып берді.
- Мектеп бітірушілердің 20 жылық кездесуге келген түлектер ауылдың кіре берісіне ауылдың аты жазылған белгі (арка) орнатты.
- «Сentral Asia Mining GO» ЖШС-ы 2023 жылы болған дауылдан үйінің шатыры ұшқан 3 үйге 500 мың теңге қаржылай көмек берді.
- «Сentral Asia Mining GO» ЖШС-ы 1-қыркүйек білім күніне 4 оқушыға мектеп формасымен мектепке қажетті құрал жабдықтар табыстады.
- Ауылдан шыққан азамат Дауылбаев Әлібек ауылдың зейнеткерлерін Түркістан қаласына арнайы апарып аралатып қайтты.
- «Сentral Asia Mining GO» ЖШС-ы 8-наурыз аналар күніне 132 анаға 5 мың теңгеден сыйлықтар табыстады.
- 10-20 жылдық кездесуге келген бітірушілердің демеушілігімен Қаратау ауылында орналасқан «Тәуелсіздік» саябағы мен ауылдық мешіттікке кіретін қақпасын заман талабына сай қақпа орнатты.
- Қожанов мектебін бітірушілердің Ақсүмбе ауылына кереберісіне ауылдың аты жазылған арнайы белгі орнатты.
2024 жылға бюджет есебінен атқарылатын жұмыстар.
- Саржаз елді мекенніңі ауыз су құбырының құрылысын аяқтау бойынша жұмыс жасау;
- Қаратау ауылына күл-қоқыс тастайтын арнайы орын (полигон) құрылысын бастау
- Қаратау ауылына ауыз су құбырының құрылысын жүргізу
- Саржаз, Ақсүмбе елді мекендеріне ұзындығы барлығы 3,4 шақырым көшеге жарықтандыру жүргізу жоспарланып отыр.