1993 жылғы қарашаның 15-інде ҚР Ұлттық валютасы – теңге айналымға еніп, осы күн Ұлттық валюта- теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Соңғы жылдары аудан экономикасы өркендеп, табыстарымыз еселеніп келеді. Аудан бюджетінің көлемі жыл сайын артып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.
Осынау ортақ табыстарда қаржыгерлер қауымының да үлесі бар, оның ішінде Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімінің орны ерекше. Аудандық экономика және қаржы бөлімі уәкілетті орган ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, аудандық бюджеттің жоспарлануы мен орындалуын қам-
тамасыз ету жұмыстарын өз деңгейінде атқарып келеді. Ауданның қаржы жүйесін қалыптастыруда бөлімде мемлекеттік 12 қызметші аянбай еңбек етуде. Мемлекеттік қызметшілердің білімдері біліктілік талаптарға сай келеді, барлығы жоғары білімді, мамандардың орташа еңбек өтілі 18 жылдан астам.
2010 жылдың қаңтарынан аудандық қаржы бөлімі мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қосылу жолымен біріктіріліп, аудандық экономика және қаржы бөлімі болып қайта құрылды. Жаңа ұжымды облыстағы бірнеше аудандарда, Шымкент қаласында басшылық орындарда қызмет еткен, өз ісінің майталманы, білікті қаржыгер Ғазиз Аязов басқарды.
Ал, 2013 жылғы қазанның 3-інен бастап ұжымды қажырлы еңбегімен, жауапкершілікпен, біліктілігімен Алтынай Айтекеева аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының қыз-метін абыроймен атқарып келеді. Алтынай Қалдарқызы талапшылығымен, ұстамдылығымен өзін ұжымды басқара алатын басшы ретінде көрсете білді. «Қазақстан Республикасының Тәуел-сіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен наградталып, Түркістан облысы әкімінің грамотасымен марапатталған. Бірнеше рет облыстық салалық басқарма басшыларының, аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаттары мен марапаттау қағаздарына ие болған. Басшы лауазымында қадір-құрметке жету оңай емес. Әр қызметкерге қамқорлық жасау, тапсырмаларды орындауда, қызметтік хаттарды дайындауда көмек көрсету, білімділік, жұмысқа қабілеттілік, өз мамандығына ынталық, халықпен араласуда қарапайымды болу – бұл қаржы бөлім басшысының мінезіндегі басты ерекшеліктері болып келеді.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің күн сайын мәртөбесі өсіп, атқаратын жұмысы да ауқымын кеңейтті. Бюджет қаржысының мақсатты игерілуін мұқият қадағалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық валютаның айналыстағы беделін арттыру да осыған келіп тіреледі. Бөлімде барынша бейім, лауазымдық міндеттерін сапалы атқаратын арнайы жоғарғы білімді қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың арасынан Айжан Кембаева, Роза Бабашева, Толқын Батырова, Насиба Сайфуллаева, Еркін Тойчиев, Гүлназ Байсапарова және Баянсұлу Альметова мен Айгерім Якупованы ерекше атаған орынды. Қаржыгерлер жұмыс барысында өздерінің лауазымдық міндеттерін тыңғылықты атқаруда.
«Міндетіміз – мемлекет басшысының ел экономикасын, халық жағдайын көтеру жөніндегі жүктелген тапсырмаларын абыроймен орындап, барлық саладағы жұмыстарды қыздыра түсу болса, қаржыгерлердің төл мерекесі жыл нәтижелері шығарылатын кезеңге тұспа-тұс келетін қазіргі шақта, қаржыгерлер бюджеттің атқарылуымен қаржының нысаналы, тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бағытында қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жұмылдыра еңбек етуде»,- дейді олар. Күнделікті атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын, қаржыгерлер!
С.СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ.