Четверг, 19 сентября

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

0
10

Ел Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында автожолдардың сапасын арттырудың маңызды мәселе екенін атап өткен болатын. Ол аталған бағытта бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, тағы да жаңа бағдарламалардың қолға алынуы керектігін алға тартты.
«Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды»- деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі таңда 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор екенін жеткізді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсыратынын айтты ел Президенті.

Leave a reply