Thursday, November 21

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ – АЛДЫМЫЗДА ТҰРҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТІҢ БІРІ

0
43

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта шешілуі тиіс екенін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту болып табылады. Ол жыл басынан бері жүргізіліп жатырған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын айтып, әлі де бұл науқанның жалғасын табуы керектігін тілге тиек еткен еді.
«Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс»- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Leave a reply