Thursday, November 21

Қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт өнімдеріне жиі тапсырыс түседі

0
131

Бүгінде Шымкентте қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Өндіріс ошағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Ел экономикасының дамуына үлес қосқан зауытта жарамсыз қағаздар өңделіп, одан қатты қораптар жасалады.

Кәсіпорын 2016 жылы Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске қосылған. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. «Бумпром» ЖШС жылына 4 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Аталған өндіріс ошағында қағаз қалдықтары мен жарамсыз қораптар өңделіп, одан гофро картондарды шығарады. Зауыт басшысы өндіріске қажетті қағаз қалдықтарының бір келісін 70 теңгеден, ал қатты картондарды 50-55 теңгеден сатып алып отыр. Әлемді жайлаған індеттің салдарынан көрші Ресейде қағаз тапшылығы сезілуде екен. Сондықтан біздің отандық өнімге деген сұраныс көрші елдерде жоғары болып тұр. Тіпті өзімізден Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарынан тауарға жиі тапсырыс түседі.

Бір қуанарлығы кәсіпорындағы шетелдік қондырғыларда жергілікті жастар еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазір кәсіпорын 65 адамты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Leave a reply