Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

0
108
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы тағайындалды. 1984 жылы 4 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген Ерлан Бақытжанұлы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Түлкібас ауданы, «Казпромгеофизика» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалында инженер геофизигі ретінде бастап, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімінің орынбасары, Састөбе кентінің әкімі, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2023 жылғы 20 қыркүйегінен бастап Қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Leave a reply