Қызды шолақ шалбар кигені үшін ұрған мигрант экстремизм бабы бойынша айыпталды
Ресейдің Красногорск қаласында қызды шолақ шалбар киіп жүргені үшін ұрып-соққан мигрант Шахзод Джурабоевқа қатысты экстремистік сипаттағы қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
“Экстремистік сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген мигрантқа қатысты қылмыстық іс қозғалды (Қылмыстық кодекстің 282-бабы 2-бөлігінің “А” тармағы бойынша)”, – деп хабарлады ведомство.
Тергеу мәліметінше, 23 тамыз күні таңертең ер адам Нахабино жұмысшылар кентіндегі Белобородов көшесіндегі үйдің ауласында болған. Ол жерде ол өзі танымайтын спорттық киім – қысқа шолақ шалбар мен футболка киген қызды көрген. Мигрант қызға “әйелдердің қоғамдық орындарда ашық киіммен жүруіне болмайтынын” айтып, бетінен жұдырықпен ұрған. Құқық қорғау органдары шабуылдаушының “зорлық-зомбылық арқылы ар-намысты қорлау ниеті болғанын” атап өтті.
Кейіннен ер адам ұсталып, жауап алынды. Тергеуші зардап шеккен қыздан да жауап алды.
Бейнежазбаларға сараптама жүргізілді, сараптама тағайындау жоспарлануда. Бір күн бұрын Мәскеу облысының прокуратурасы оқиғаға байланысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қылмыскер психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрған 20 жастағы Тәжікстанның тумасы болып шықты.