Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты

0
99
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қызыл су тұрғын алабындағы тұрғындардың көтеріп жүрген ауыз су мәселесі қазіргі уақытта түбегейлі шешімін тапты. Бүгінгі күнге дейін тәулігіне үш немесе төрт сағат қана су берілетін тұрғын алабы, бүгінгі күні тәулік бойы үздіксіз сапалы ауыз суды пайдаланып жатыр, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шалғайда орналасқан тұрғын алабында ауыз су мәселесін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапты мамандары тарапынан «Родник-2004» ЖШС-і бірқатар жұмыстар атқарылып, көмек көрсетілген болатын.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, іске қосылмаған елу метр кубтық су жинақтағыш жөнделді әрі құбырларды жуып-тазалау және  залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды және  екі жүзге жуық абонент тұрақты түрде ауыз суды пайдаланып отыр.Дәл осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Leave a reply