Қымбат әшекейлерін сатуға шыққан әйел жоғалып кетті

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.
Жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды.
Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды.
Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.
«Егер сізде жоғалған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондарына хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында» дейді полиция.