
Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегерінің келуі аймақтың жас спортшылары үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, жас өрендер чемпионмен сұхбаттасып, жігерленеді. Абзал өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жас спортшылармен шеберлік сабағын өткізді.