Суббота, 19 апреля

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
26
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытай Халық Республикасынан келген бірқатар ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты тиімді ынтымақтастық орнату және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Қытайлық инвесторлар Түркістан қаласының экономикалық әлеуетіне жоғары баға беріп, өздерінің қала аумағында ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, олар тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге арналған заманауи өндіріс орнын салу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл жоба экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында Түркістан қаласының инвестициялық ахуалы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, жеңілдіктер мен қолдау тетіктері таныстырылды. Әкімдік тарапынан инвесторларға қажетті әкімшілік және құқықтық қолдау көрсетілетіні атап өтілді.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және ұсынылған жобаларды жүзеге асыру мақсатында алдағы уақытта тағы кездесулер жоспарлануда.

Leave a reply