Четверг, 19 сентября

ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРІП ТАБЫС ТАПҚАН АЗАМАТ

0
68

Ордабасы ауданындағы «Нұр Айша» шаруа қожалығы 2016 жылдан бері жылыжайда көкөніс өсіріп келеді. Биылдан бастап құлпынай егуді қолға алған. Бүгінде шаруа қожалық 1,5 гектар жерден 50-60 тонна құлпынай өнімін алуды жоспарлап отыр. Өнім қыс айларында жинап алынады. Жылыжайда 20 адам жұмыспен қамтылған.

Қожалық төрағасы Мұхтар Әлеухановтың айтуынша, құлпынай өніміне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе мереке қарсаңында кондитер қызметкерлерінен тапсырыс көптеп түседі. Алғашында қызанақ, қияр егуден бастаған шаруа қожалық бүгінде істің қыр-сырын терең меңгеріп, құлпынайды егуді қолға алған.

Жалпы құлпынай күй талғамайтын, яғни кез келген жерде өсе беретін және климатқа онша тәуелді емес жидек. «Виктория» сұрыптысының биіктігі 30-35 сантиметрге жетеді. Жапырақтары үшқұлақты қалың болып келеді. 100 грамм құлпынайда 36,9 ккал калория бар. Сондықтан да ол диеталық тағам түріне кіреді. Құлпынай дәмді жидек қана емес, тамаша десерт әрі емдік тағам болып саналады. Оны жеген адамның асқа деген тәбеті ашылады. Ас қорыту жүйесі жақсарады. Құлпынай сонымен бірге тер шығаратын, несеп айдайтын қасиетке де ие. Сол үшін құлпынай өсіру ауыл шаруашылығындағы табысты кәсіптің біріне жатады.

Қазақстанда бұл жидектің «Елизавета ханшайым», «Зенга Зенгана», «Русановка», «Источник», «Эверест» және «Фестивальная» сұрыптары өсіріледі. Олардың ішінде «Виктория» да бар. Бұл сұрыптардың барлығының да түсімділігі жоғары. Және зиянкестерге төзімді боп келеді. Агрономдар құлпынайдан жақсы өнім алу алдымен сұрпына, содан соң күтіміне байланысты екенін айтады. Құлпынай егілетін жылыжай берік болуы тиіс. Яғни онда температуралық режим жыл бойы бірқалыпты деңгейде сақталып тұруы керек. Сондықтан жылыжайға автоматты жылыту жүйесін орнатқан жөн. Ондағы температура 20-25 градустан аспауы қажет. Ауа ылғалдылығы да өсімдіктің вегетациялық кезеңіне байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, тұқым еккенде 80-85, тамырынан енді өсіп шыққан кезде 75, гүлдегенде 70 пайызды құрауы тиіс.

Қыс мезгілінде өсірілген құлпынайға тәулігіне 14-17 сағат күн түсіп тұрса, өнімділігі жоғары болады. Өйткені күн сәулесі фотосинтез процесін қарқындатып, жидектің жылдам өсуі мен тез жетілуіне оң әсерін тигізеді. Егер ауа райы бұлыңғыр болса, қолдан жарықтандырып, өсімдікке түсетін жарық сәулені үзбеген жөн. Есеп бойынша 1 шаршы метрге 1 шам орнатылады және ол көшеттен 1 метр биікте орналасады.

Жылыжайда құлпынай тұрақты түрде суарылып отырады. Су шығынын үнемдеу үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сол, өсімдік уақытылы суарылады әрі тіршілік нәрі әрбір көшеттің тамырына дейін барады. Жылыжайда құлпынай жыл бойы өсіріледі. Дегенмен қаңтар, ақпан айларында жерді демалдырып, топырақты құнарландырып алған абзал.

Құлпынай бағы – ең сүйікті және кең таралған өсімдіктердің бірі. Көптеген әртүрлі сорттар бар. Құлпынайдың көбеюі және құнарлылығын арттыру әрқашан кез келген жазғы тұрғын үшін өткір мәселе болып табылады. Бұл әсіресе коммерциялық мақсатта жидек өсіретіндерге қатысты. Жидектің ең жақын туысы – құлпынай, оның күтімі құлпынай күтіміне өте ұқсас. Сондықтан жидек бұталарын отырғызу тәжірибесі барлар үшін бұл жаңалық болмайды. Құлпынай кішкентай жидектерімен ерекшеленеді және бақша учаскесінде үлкен өнім алу сирек мүмкін. Бірақ жидектердің дәмі мен пайдалылығы күш салуға тұрарлық. Құлпынайдың құлпынаймен тығыз байланысын ескере отырып, бұталар санының көбеюі дәл осылай жүреді.

Облыс экономикасының маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, республикада көш бастады. Жыл басынан салаға 88,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

Leave a reply