28 ақпан күні сағат 11:00-де Түркістан қаласының аумағында а.ж. 27-28 ақпан күндері Кешенді оқу-жаттығу өткізілуде.
Осыған байланысты “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.
Тексеру барысында:
— Сиреналар іске қосылады;
— Телерадиоарналардың хабарлары уақытша тоқтатылады;
— Ұялы қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.
”Баршаңыздың назарына!!!” дыбыстық сигналы – бұл ескерту сигналы, ол халықтың назарын аудару үшін беріледі және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпаратты жеткізуге арналған.
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Бұл – тексеру мақсатында берілетін “оқу-жаттығу сигналы” екенін ескертеміз.