ҮКІМЕТ: Олжас Бектенов азаматтарға заңгерлік кеңес беру ісін автоматтандыру үшін чат-бот енгізуді жеделдетуді тапсырды

0
22

 📌 Үкімет отырысында Премьер-министр заң консультанттарының қызметін реттеу шеңберінде мамандарға қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың біліктілігін, азаматтыққа қойылатын талаптар, қызметтің бірыңғай стандарттарын белгілеуді қайта қарауды тапсырды. Келісілген ұсыныстар бірінші жартыжылдықтың соңына дейін Үкіметке енгізілу қажет. 🔻 Олжас Бектенов құқықтық ағартуды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Әрбір азаматтың қажетті құқықтық ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ ол барынша түсінікті форматта ұсынылуы қажет. “Әділет”, Эталондық бақылау банкі, “E-ZanKomegi” және “eOtinish” ақпараттық жүйелерін одан әрі дамытып, жаңғырту керек. “E-ZanKomegi” жүйесінде қазірдің өзінде 2 мыңға жуық адвокат пен заң консультанты тіркелген. Бұл жүйеде азаматтарға тәулік бойы құқықтық қолдау көрсететін бейнеконсультациялар жұмыс істейді. Кеңес беру ісін автоматтандыру үшін чат-бот енгізуді жеделдету қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов. Жалпы, Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ІТ саласындағы тәжірибелі мамандарды тарту, бюрократиядан арылту және бизнес-процестерді реинжинирингтеу жұмыстарын жалғастыруы қажет.

Leave a reply