Ұлттық банк 200 теңгелік банкнот төлем құралы болып қалатынын ескертті

0
111

200 теңгелік банкнотты қабылдаудан бас тарту туралы келіп түскен хабарламалар аясында Қазақстан Ұлттық банкі оның шығарылымы тоқтатылғанымен, төлем құралы ретінде қолданылатынын еске салды. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды.

Қағаз 200 теңгені қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

“Бұл номиналдағы банкноттарды қолдануға тыйым салынбайды. Олар табиғи түрде тозғандықтан өндірістен шығарылып, орнына номиналы 200 теңгелік монеталар қойылады”, – делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Leave a reply