Ұлттық ұланның тағы бір сарбазы өзіне қол жұмсады

0
125

30 шілде таңғы сағат 05:15-те Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің аға сержанты Абылай Мерғалиевтің асылып өлгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Infonews.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Әйелі түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасында асылып тұрған күйінде тауып алған.

Арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған. Үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.

Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

Leave a reply