«Ұлы Дала Елі» орталығы туристер үшін таптырмас орын

0
182

 

Атырау облысы еліміздегі экономикалық маңызы өте жоғары өңірлердің бірі екені сөзсіз. Бүгінгі таңға дейін мемлекетіміздің әртүрлі қалаларының өркендеп, өсуіне өзіндік үлесін қосып, қолдауын білдіріп келеді. Қасиетті Түркістан қаласына сыйға тартқан «Ұлы Дала Елі» орталығы қазіргі таңда шаһардың ең көрікті нысандарының бірі.

Келушілерді құшақ жая қарсы алатын орталық қазақ халқының терең тарихы мен бүгінге дейінгі жетістіктері жинақталған 9 экспозициялық аймаққа бөлінген. Олар: Атқа міну мәдениеті, Металлургия, Түркі әлемі, Ұлы дала жауһарлары, Қазақ хандары, Ұлы Жібек жолы, Елбасы залы мен Ұлы Далалның ұлы есімдері және болашақ залы. Сонымен қатар, Түркістанның айтыскер ақыны Бекарыс Шойбеков жеңіп келген «Алтын домбыра» да сонда сақтаулы.

Орталық туристер үшін таптырмас жер. Кіру ақысы да қалтағы қонымды, студенттер мен оқушыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін орталықты тамашалауға жеңілдіктер қарастырылған.

Leave a reply