Әбу-Даби Қазақстанды “жасыл” тізімнен алып тастады
БАӘ-дегі Әбу-Даби әмірлігі саяхатшыларды қабылдай алатын бағыттардың “жасыл” тізімін жаңартты, – деп хабарлайды Kaztengritravel.kz порталы Arabianbusiness.com басылымына сілтеме жасап.
Абу-Дабидің Мәдениет және туризм департаменті елдердің “жасыл” тізімін үнемі жариялап отырады. Осы тізімге енген мемлекеттерден келетін әуе рейстерінің жолаушылары карантиннен құтылады. Бұл жолы тізімге Оңтүстік Корея мен Израиль қосылып, Қазақстан шығып қалды.
Абу-Дабиден Қазақстанға жаңа рейстер ашылады
Бүгінде Аустралия, Бутан, Бруней, Қытай, Гренландия, Гонконг (САР), Исландия, Израиль, Маврикий, Марокко, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Сингапур және Оңтүстік Кореядан келетін жолаушылар 10 күндік карантиннен босатылды. Олар Абу-Даби әуежайына келгеннен кейін ғана ПТР-тест тапсыруы керек.
Енді Қазақстаннан барған жолаушылар Абу-Дабиге келгеннен кейін тағы да карантиннен өтуге мәжбүр болады.
Абу-Даби өткен жылдың 24 желтоқсанынан бастап шетелдік туристерді қабылдай бастады.