Көршісі мен оның 4 жасар баласының үстіне керосин құйып, өртеп жіберген ер адам жазадан құтылып кетті

0
98

Рудныйда былтыр 16 наурыз 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “ТоболИнфо” порталына сілтеме жасап.

 

Қылмыс жанжалдан туындаған. Өртенген әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Салдарынан бүлдіршіннің денесінің 40% – дан астамы күйсе, ал анасының қолдары күйген. Қылмыстық іске бір жылдан соң нүкте қойылды.

Қостанай облыстық соты Геннадий Миллердің психологиялық ауытқуы бар деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ол арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

“Сотталушыға қатысты бес медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде созылмалы психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайтыны белгілі болды. Миллер арнайы есепте тұрған. Жәбірленушінің моральдық залалды өтеуге 2,5 млн теңге көлемінде азаматтық талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды”, – деп түсіндірді судья Алтынай Сағындықова.

Моральдық шығынды Геннадий Миллердің жұбайы төлейді. Ал зардап шеккен 4 жасар бала жансақтау бөлімінде 20 күн жатып, 10 рет тері пластикасы бойынша ота жасалған.

Leave a reply