Thursday, November 21

Әкесі түнде серуендеген қызын өлтіріп, денесін мотоциклге байлап, ауылды аралаған

0
118

Үндістанда әкесі 16 жастағы қызын түні бойы қыдырып, бөтен үйде түнегені үшін өлтіріп, денесін мотоциклге байлап, Пенджабтағы Амритсар ауылын аралаған. Бұл туралы Infonews.kz сайты Times of India басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде жәбірленушінің денесі деп болжанған мәйітті мотоциклдің сүйреп бара жатқаны бар видео тарады. Әкесі қызының денесін сүйреп өткеннен кейін пойыз жолына лақтырып жіберген.

Айыпталушы қылмыс жасаған күннің ертесіне қамауға алынды. Ол сотқа жеткізілгенде, ауылдағы басқа ата-аналар сияқты болғысы келмейтінін айтқан.

“Мен – абыройы бар адаммын”, – дейді дәстүрлі киім киген адам.

Ол бұл әрекеті үшін өкінбейтінін айтып, басқа қыздарға үлгі болсын деп жасағанын жеткізді. Сот оны бір тәулікке қамауға алды.

Leave a reply