Thursday, November 21

Әлеуметтік сала әкімдік назарында

0
99

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысқан едік. Бөлімде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның ішінде қолдауға мұқтаж жандарға көмек қолын созатын бірден-бір мекеменің бүгінгі тынысы жөнінде атап өтпекпіз. Жалпы, Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 25 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда. Әлеуметтік қызметкер ол – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер. Олардың үйде әлеуметтік көмек көрсету секторындағы 6 қызметкері жеке басты қарттарды күтушілер, 17-і ерекше қажеттілігі бар балаларды күтушілер.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  33  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 138 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.  Қазіргі уақытта әлеуметтік көмектің жұмысы арттырылып, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шексіз жандарға жаңа мүмкіндіктер қарастырылмақ.

2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 өтініш білдірген болса, барлығы қамтамасыз етілген. Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022 жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға 15 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылған. 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге   арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл – қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді. Сонымен қатар, бес бағытта қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтсақ:

Бірінші бағытта психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

Екінші бағытта тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

Үшінші бағытта психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

Төртінші бағыт бойынша бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);

Бесінші бағыт егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

Осы жылдың басынан бастап әлеуметттік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы шамамен 304,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 26,9 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 105 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 827 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 287 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 649 ымдау тілін қызметін, 93 санаторлық-курорттық емдеуді, 69 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Leave a reply