Thursday, November 21

Әлеуметтік қызметкер мәртебесін абырой тұтқан жан

0
165

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемелерде халықтың осал топтарына қолдау көрсетіліп келеді.

Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері күн сайын қиын жағдайға душар болған жандарға (жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге) демеуші болып, барынша жағдай жасап, қамқорлық танытып жүр. Сондай жандардың жанына медет болып жүргендердің бірі- 19 жыл бойы «әлеуметтік қызметкер» мәртебесін абыроймен алып жүрген Мирсадикова Дилнора.

Дилнора, 4 баланың анасы. Ол өзінің атқарып жүрген жұмысына риза. «Қызмет алушылардың әрқайсымен қарым-қатынас орнатып, мейлінше толыққанды өмір сүруіне күш саласың. Әлеуметтік қызметкерлер үшін қамқор болып, мейірімділік таныту бірінші орында. Ол әрине, психологиялық табандылық пен сабырлықты талап етеді»- дейді қызметкер.

Жалпы «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 76 мүгедек балаға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жасы немесе денсаулығына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ 718 азаматқа үй жағдайында әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласында 80 жастан асқан жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар саны 125 болса, ал дерттері жас талғамайтын 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 6446.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave a reply