ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 51 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕ МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

0
126
Шымкент қаласының аудан аумақтарында мүлік иелерінің бірлестігін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев Спорт шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, «БІР ҮЙ-БІР БІРЛЕСТІК-БІР ШОТ» қағидаты туралы кеңінен түсіндірді. Аталған қағидат бойынша тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарының жауабын алды.
Сондай-ақ, кездесу барысында көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары, ауланың санитарлық тазалық мәселелері жайы да сөз етілді. Аула тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) құру бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Нәтижесінде, 1 көпқабатты үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелді. Ал 2 аула тұрғындары қол жинау жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік бүгінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 51 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық Әділет департаментіне тіркелді

Leave a reply