Әл-Фараби кітапханасының жанынан аспан астындағы шағын кітап оқу орны ашылды

0
177

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

– Құрметті оқырмандар! Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының жанынан аспан астындағы шағын кітап оқу орны пайда болды. Кез келген адам арнайы сөрелерге қойылған қазақ және орыс, және басқа тілдердегі кітаптарды оқуына болады. Айта кету керек, кітаптар таңғы сағат 10.00-де қойылып, 20.00-де жиналып алынады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, рухани шаңырақ халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Бүгінде кітапхананың төрт жүз мың мыңнан астам кітабы мен алты мың бес жүз қырық алты дана электронды қоры бар. Оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны жүз жиырма сегіз мың, ал кітап берілімі 216 000-ге жеткен.

Қазіргі таңда оқырманы көп бұл кітапханада тоқсан алты қызметкер еңбек етеді. Сондай-ақ, бұл білім ордасы қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Leave a reply