ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

0
113

«Яссы» секторында тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар барысын баяндап, жоспарлармен бөлісті.

Жалпы жыл басынан бері секторда 3 кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде:

— 64 — орындалды (8 жол мен көлік саласы, 11 инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, 6 — қоғамдық көлік және 13 басқа да мәселелер);

— 11 — жұмыс жүргізілуде;

— 25 — заңға сәкес түсіндірілді.

Алдағы жылы «Яссы» секторында 1200 және 900 орынды құрайтын 2 мектеп құрылысы жоспарланған.

Көпқабатты 11 үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда, 8 үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда 1 үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде.

Сектор аумағында 2 нысанның құрылысы аяқталып, 4 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, 3 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша 4 трансформатор орнатылды.

«Яссы» секторында 197,3 шқ. құрайтын 180 көше болса (оның ішінде 46 көше асфальт жол, 80 көше тас жол, 54 көше топырақ жол),

ағымдағы жылы 11,9 шқ.құрайтын 12 көше орташа жөндеуден өтті, 28,8 шқ құрайтын 36 көшеге тас төселді, 6,7 шқ. құрайтын 7 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

Сонымен қатар, Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О.Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылуда. Сақ қорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, «Тұран» және «Шатқал» шығармашылық саябағы көгалдандырылды.

Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Leave a reply