ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
Өткен аптада «Түркістан медиа» ЖШС жанындағы «Түркістан» қалалық газетінің редакциясында қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығы мен ұжым мүшелері Түркістан қаласындағы Қоғамдық кеңес өкілдерімен жүздесті. Тарқатып айтсақ, аталған кеңес жанындағы «сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері, білім беру жүйесі, мәдениет және спорт жөніндегі комиссиясының» төрағасы Базарбай Мұсабеков пен «Түркістан Медиа» ЖШС директоры, комиссия мүшесі Мәлік Дәулетов комиссияның атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Баяндамашының мәліметінше өңірде соңғы үш жылда парақорлықпен 400-ге жуық адам ұсталса, оның 84-і әкімшілік және 28-і полиция қызметкерлерін құраған. Сонымен бірге, комиссия мүшелері жиналғандарды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысты нақты ақпараттары болса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 колл орталығына хабарласуына болатынын жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан комиссия мүшелеріне сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды. Соның ішінде Түркістан қаласында жер кезегінде 30 мыңдай адам тұр. Осы мәселені шешуге Қоғамдық кеңес атсалысса. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы құрылыс көлемімен өлшенетін сияқты. Соның салдарынан қаладағы инфрақұрылым жүргізуге ғана мән беріліп, әлеуметтік жағдайды арттыратын өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамытуға және идеологиялық жұмыстарды жүргізуге оншалықты мән берілмей отырғандығы. Республика көлемінде мектептердегі бос жұмыс орындар жарияланатын ортақ сайт жұмыс жасап тұр. Мектердің басым көпшілігі әлі күнге дейін өздеріндегі бос орындарды аталған сайтқа жария етпейді. Осы мәселені назарға алып, ашықтықты сақтауға ықпал жасасаңыздар деген мәселелер төңірегінде ұсыныстар жооданды. Оған комиссия төрағасы Б.Мұсабеков мәселелердің назарға алынатынын. Кеңес жұмысында күн тәртібіне ұсынылып, алдағы уақытта сала басшыларына сұрау салынатынын жеткізді.
Түркістан қалалық Қоғамдық кеңес жанындағы «сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері, білім беру жүйесі, мәдениет және спорт жөніндегі комиссиясы» кездесу барысында тұрғындардан түскен барлық ақпараттарды сала басшыларының қатысуымен өткізілетін отырыстарда қарап, шешім шығарады.
Қазіргі таңда комиссия мүшелері қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің ұжымдарымен кездесулер өткізуде.