ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ДОП ДОДАСЫ

0
127

Шараның ашылу салтанатында облыстық мәслихат депутаты, айтыстағы «Алтын домбыраның» иегері Бекарыс Шойбеков, халық қалаулылары Сүлеймен Арыстанов пен Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Букебаев, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Жумадуллаев пен «Түркістан» газетінің директоры Мәлік Дәулетовтер сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

9 команда 2 топқа бөлісіп жартылай финалға жолдама алуға барын салды. Кіл мықтылар арасынан шын мықтылар анықталып финалдық бәсекеде «Жайдарман» құрамасы «Нұр» командасынан айласын асырып І орынға қол жеткізсе, «Нұр» командасы ІІ орынды місе тұтты. Ал ақындардың намысын қорғаған «Ақындар» тобы ІІІ орынға қол жеткізді.

«Үздік қақпашы» номинациясы «Нұр» командасының қақпашысы Нұрғали Абишеге бұйырса, «Ағалар» командасының орталық қорғаушысы Ержан Төлеев – «Үздік қорғаушы», «DJ» командасының ойыншысы Бағдәулет Салыбек – «Үздік шабуылшы» атанды.

Жарыс жеңімпаздарына кубог пен дипломдар табысталып, қаржылай сый-сияпаттар үлестірілді.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ.

Leave a reply